Біз туралы
Қазақстан Республикасының «Дзюдо федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2015 жылдан бастап «Сертификаттау іс-шараларын өткізу тәртібі және дзюдо күресінен КЮ, ДАН біліктілік дәрежелерін беруге қойылатын талаптар туралы» ережеге сәйкес дзюдодан оқу-жаттығу бағдарламасын әзірлеп, сертификаттау іс-шараларын жүргізіп келеді.
Бұл ережені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е.Қанағатов мырзамен 2015 жылы 14 қыркүйекте келісілген және «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Қ. Рақышев мырзамен 2015 жылы 17 қыркүйекте бекітілген.
Авторлары-құрастырушылары:
Житкеев А.Р. 6 ДАН IJF, ЕССШ, РНD докторы
Масягина В.Г. 5 ДАН, ХДСШ, педагогика ғылымдарының магистрі;
Шепетюк М.Н. 6 ДАН IJF, ҚРЕСЖ, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Биабулин Т.З. 6 DAN IJF, жоғары ұлттық санаттағы жаттықтырушы
Патопеня Н.И., Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы
Сертификаттау іс-шараларын өткізу тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасының аумағында дзюдодан КЮ және ДАН біліктілік дәрежелерін беруге қойылатын талаптарды және сертификаттау іс-шараларының бірыңғай тәртібін белгілейтін негізгі құжат болып табылады.
Бұл ереже сонымен қатар дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша студенттерге, осы спорт түрін таңдаған спортшыларға, жаттықтырушыларға және басқа да дзюдо әуесқойларына оқу-әдістемелік құрал болып табылады. Осы нұсқаулықты Қазақстан Республикасындағы жаттықтырушылар мен спортшыларды даярлаудың негізгі бағдарламасы ретінде дзюдо секцияларында, мамандандырылған спорт мектептерінде және әртүрлі меншік нысанындағы спорт клубтарында оқу бағдарламасы ретінде пайдалану ұсынылады.
Сертификаттау қызметінің мақсаты Қазақстандық дзюдоның Қазақстандық дәстүрлерді сақтай отырып, Азиялық және әлемдік жүйеге одан әрі интеграциялануы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларды жасау және жетілдіру болып табылады.
Сертификаттау қызметінің негізгі міндеттері:
- спорттық разрядтардың халықаралық жүйесіне - КЮ және ДАН біліктілік дәрежелерін енгізу;
- халықаралық тәжірибеге сәйкес жапон тіліндегі дзюдо техникасының терминологиясын зерттеуге және қолдануға жәрдемдесу;
- спортшылардың негізгі техникалық дайындық деңгейін және жаттықтырушылар, төрешілер, дзюдо мамандарының кәсіби дағдыларын арттыру;
- жаттықтырушылық қызметін жүйелеу және балалар дзюдосын дамыту
- еліміздің жоғары білікті спортшыларын дайындау үшін қажетті негізгі білімдерді, дағдыларды, қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының дзюдодан ҚАТА бағытын дамыту
- дзюдо күресін кеңінен насихаттау және халықтың қалың тобын дзюдо сабақтарына тарту.